Калиде жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатында қыздар арасында ұзындыққа секіруден біліктілік өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан намысын Анастасия Рыпакова қоғауға аттанған еді. Ең жақсы әрекетте спортшы 6.04 метр көрсетті. Алайда бұл нәтиже финалға өту үшін жеткіліксіз болды.
Рыпакова жарысты 18-ші орында аяқтады. Енді медальдар 12 финалист арасында ойнатылады.