Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-2.1б» зымыран-тасығышын спутниктер тобымен ұшыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спутник 9 тамызда айлақтан ұшырылады.
Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, «Фрегат» үдеткіш блогы бар «Союз-2.1 б» зымыран тасығышы Иран Ислам Республикасының тапсырысы бойынша «Хайям» Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш аппаратын орбитаға шығаруы тиіс.
Спутник Роскосмос құрамына кіретін кәсіпорындарда жасалған. Сондай-ақ топқа Иранның ЖҚЗ спутнигімен бірге ғарышқа Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары, коммерциялық компаниялар мен коммерциялық емес ұйымдар ғылыми және технологиялық зерттеулер үшін құрған 16 шағын ғарыш аппараты - ресейлік шағын спутниктер ұшырылады.