• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2022

«Бомба қойылды»: Павлодарда жалған хабарламаның авторын іздестіруде

186 рет
көрсетілді

Полицейлер соттарға бомба қойылғаны туралы жалған хабарламаға байланысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті Рavlodarnews.kz сайтында ғимараттарда жарылғыш құрылғылар табылмағаны жазылған.

- Сотқа дейінгі тергеу терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін Қазақстан Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша жүргізілуде, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

3 тамызда  бомба қойылғаны туралы хаттар Павлодар облыстық, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, Ақтоғай, Май және Аққулы аудандық соттарының электрондық мекенжайларына түскен. Шұғыл әрекет ету қызметтері ғимараттарды қарап шығып, 131 адам эвакуацияланды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.