Софиядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық таэквондошылар тағы екі медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жолы да ел қоржынына қос қола жүлде салынды. Тұғырдың үшінші сатысына Жавохирхон Исламов (55 келіге дейін) және Әлібек Шәйкенов (59 келіге дейін) көтерілді.
Бұған дейін біздің команданың қоржыны екі күміс және бір қола медальмен толыққан.