• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 05 Тамыз, 2022

Ақбаян Нұрмәмет әлем чемпионатының финалына шыға алмады

195 рет
көрсетілді

Калиде (Колумбия) жеңіл атлетикадан (U20) әлем чемпионатында қыздар арасында 1500 метрге жүгіру бойынша сайыстар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының намысын Ақбаян Нұрмәмет қорғады.

Спортшы қашықтықты 4:33:73-те бағындырды. Бұл нәтиже финалға шығу үшін жеткіліксіз болды. Ақбаян Нұрмәмет жалпы есепте 30-шы орынды иеленді.