• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Мамыр, 2010

ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАРАЛДЫ

424 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палата бюросының отырысында заң жобаларының дайындығы туралы мәселелер қаралды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұсынуымен “Мемлекеттік мү­лік туралы” және соған сәйкес кей­бір заң актілеріне өзге­ріс­тер енгізуді көздейтін заң жо­ба­лары бірінші оқылымда па­лата депутаттарының талқы­сы­на ұсынылатын болды. Сон­дай-ақ, кейбір заңнамалық ак­тілерге еліміздің “Электрондық үкіме­тін” дамыту мәселелеріне қа­тысты түзетулер енгізуді қа­растыратын заң жобасы екінші оқылымда талқыланатыны жоспарлануда. Халықаралық істер, қорға­ныс және қауіпсіздік комитеті бірқатар заң жобаларын қарау­ды ұсынып отыр. Атап айт­қан­да, “Дөңгелекті көлік құрал­да­рына орнатылуы және пайда­ла­ны­луы мүмкін жабдықтау зат­та­ры мен бөлшек­терге арналған біркелкі техни­калық ұйғарым­дар­ды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара мойындау шарттары туралы ке­лі­сімді ратификациялау тура­лы”, “Дөңгелекті көлік құ­рал­да­рын мерзімді техникалық байқ­ауға арналған біркелкі талап­тарды қабылдау туралы және осындай байқауларды өзара мойындау туралы келісімді ра­тификациялау туралы” заң жобалары жалпы отырысқа шығарылады. Еліміздің бірқатар заңдары­на сақтандыру мәселелерін реттеуге байланысты заң жоба­сы екінші оқылымға ұсыны­латыны жөнінде Қаржы және бюджет комитетінің мәліметі тыңдалды. Жалпы отырыстың күн тәртібіне бірнеше заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге қатысты, сондай-ақ кейбір заң жобаларына Сенат енгізген өзгерістер мен толық­тырулар жөнінде мәселелер енгізілетін болды. Бюрода үстіміздегі жылғы 10-11 маусым күндері Заңнама және сот-құқықтық реформа ко­митетінің Қарағанды облы­сын­да көшпелі отырысын өткі­зу туралы шешім шығарылды. “Егемен-ақпарат”.