• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Тамыз, 2022

Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылды

355 рет
көрсетілді

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ержан Жылқыбаев бұл қызметке 2021 жылдың наурызында тағайындалған. 

«Сенім артылған соң, еліміздің кез келген өңірінде мемлекеттік саясатты іске асыру – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Алайда сол міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол – заңдылық. Сондықтан мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесінен өттім», деп жазды ол. 

Е.Жылқыбаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика департаментінің әлеуметтік саясат бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. Түрлі жылдары Премьер-Министр Кеңсесінде, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппаратында, Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2016 жылдың мамыр айынан бастап 2019 жылдың наурыз айы аралығында Алматы қаласының Медеу ауданының әкімі лауазымында болған.