• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2014

Еліміздің басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым орнайды

631 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 мамыр. 6-8 мамыр аралығында Қазақстанның бірқатар облыстарында жоғары атмосфералық қысым орнайды. Мәселен, күндіз ауа 20-30 градусқа дейін жылынады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы 25-30-дан 36 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал батыста 6 мамырда, солтүстікте 8 мамырда кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің соғу жылдамдығы 13-18 м/с-ға дейін жетуі ықтимал. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында шаңды дауыл болады. «Қазгидромет» алдағы тәуліктерде Есіл өзенінде көктемгі судың жайылуы артып, су деңгейінің көтерілетінін, сол сияқты, республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде де су көлемі көбейетінін ескертеді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Қазгидромет». Фото: voxpopuli.kz.
Соңғы жаңалықтар