Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев БАҚ өкілдерінен ең жиі жолданатын сұрақтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінде Қазақстан құрамасының жұмысына ғана зейін аударамын. Қазақстан футбол федерациясымен келісімшартым бар. Алда маңызды екі ойын күтіп тұр. Сол себепті келісім аяқталмай қызметімнен кетпеймін. Ешқандай күмән келтірудің қажеті жоқ.
Жақында ғана Қазақстан Кубогының «Ақтөбе» – «Тараз» ойынына бардым. Талдау жұмыстары жүргізілді. Біздің бапкерлік штаб Беларусь және Әзербайжан ойындарына толық дайындық жүргізіп жатыр.
Кейбір БАҚ-та тараған ақпараттарға тоқтала кетсек, әр бапкердің өмірінде ондай әңгімелер болып тұрады. Мен қазіргі таңда Қазақстандамын. Күзде өтетін Ұлттар Лигасының ойындарына бірқатар үміткерді қарап жатырмын», деді ұлттық құраманың бас бапкері.