Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«6 тамыз сағат 20:05-те Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері Төлебаев көшесі, 6 мекенжайында орналасқан «Арыстан« тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабарламаға дереу шықты. Шақырту орнына өрт сөндірушілер үш минутта жетті. Өрт сөндіру барысында қойма нысанында 25 шаршы метр алаңда құрылыс материалдары мен пластикалық бұйымдар жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен жалынның таралуы сағат 20:21-де тоқтатылып, 20:32-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген ТЖД хабарламасында.