• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Экология 08 Тамыз, 2022

Ақтөбеде ауа сапасы нашарлады

300 рет
көрсетілді

8 тамызда Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, дүйсенбі күні ауа сапасы тек Ақтөбе қаласында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.