Елордадағы Ұлттық Академиялық Кітапханада заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай түрік тіліне аударылған академик Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұсаукесерге Мәдениет және спорт министрі Даурен Абаев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Султан Раев, Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, сондай-ақ, Зейнолла Қабдоловтың ұрпақтары, Президенттің кеңесшісі Бауыржан Омарұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері мен белгілі ғалымдар қатысты.
Сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы, белгілі қаламгер-драматург Сұлтан Раев Түркі әлеміне сіңірген қызметі үшін Түркі академиясының Науаи атындағы алтын медальмен марапатталды.