АСТАНА. 6 мамыр. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс 7-8 мамырда Астанаға ат басын тірейді деп күтілуде. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының сайтына сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Уильям Бернс ел басшыларымен қауіпсіздік, саясат, экономика және адам құқығы тұрғысынан екіжақты және аймақтық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
8 мамыр күні сағат 16:00-де АҚШ елшілігі осы іс-сапар аясында арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырмақ.
Оның бұл сапары Орталық Азияның қауіпсіздігі мен өркендеуін АҚШ-тың қолдайтынын білдіреді деген мазмұнда пікірлер айтылуда.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: svoboda.org.