• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2014

Астанада ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық флэшмоб өткізді

269 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 мамыр. Елордадағы ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық қызметкерлері жұртшылықты тазалыққа үндейтін флэшмоб ұйымдастырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Елімізде халықты тазалыққа шақырған флэшмоб алғаш рет өткізіліп отыр. Ал осы іспеттес, яғни, Дүниежүзілік денсаулық ұйымы тарапынан қолға алынып жүрген Clean your hands акциясы (қолыңды жу) жыл сайын өтетін, халықтың назарын аударып жүрген іс-шаралардың біріне айналған. Биыл еліміздегі «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» акционерлік қоғамы  осы акцияны флэшмоб түрінде насихаттап, Дүниежүзілік денсаулық ұйымының аталған іс-шарасын қолдайтынын білдіріп отыр. Бұлардың мұны ұйымдастырудағы мақсаты – қол гигиенасын сақтай отырып, адамдардың өмірін ұзартуға аз да болса септігін тигізу. Айта кетейік, бүгінде әлемдегі 16 мыңдай медициналық мекемеде 9 млн.-нан астам денсаулық сақтау қызметкері еңбек етеді екен. Олар бүкіл адамзатты қол гигиенасын сақтауға шақырады. Айгүл Сейіл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: egemen.kz.