• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2014

VII Астана экономикалық форумы 21-23 мамыр аралығында өтеді

447 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 мамыр. Ағымдағы жылдың 21-23 мамыры аралығында өткелі отырған VII Астана экономикалық форумы мен II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияға әлемнің 150 мемлекетінен 10 мыңға жуық адам қатысады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Астана экономикалық форумы әлемдегі ең ірі халықаралық жиындардың бірі. Форум 2008 жылдан бастап экономикалық және әлеуметтік мәселелерімен күресу бағытында шешімдер табу үшін жыл сайын жаһандық көшбасшыларды, сарапшыларды және бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін жинап, олардың басын қосып келеді. Биыл да әлемге әйгілі саясаткерлер, сарапшы-экономистер мен Нобель сыйлығының 10-нан астам лауреаты, мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен ақпарат құралдарының өкілдері халықаралық ең өзекті мәселелерді Астанада талқыламақ. Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы Қазақстан тарапынан тұжырымдама әзірленіп отыр. Бұл жоба жөнінде конференцияда кеңінен сөз қозғалмақ. Аталған бағдарлама көпшілік тарапынан қолдау табады деген сенім бар. Шараға БҰҰ белсене қатысады деп күтілуде. Бұл ауқымды шараға 800-дей журналист шақырылған. Олардың 300-і шетелдік тілшілер. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: akorda.kz.