• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2014

Астанада әскери және арнаулы атақтар тапсыру рәсімі өтті

393 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 мамыр. Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар азаматқа кезекті жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Мемлекет басшысы осы берілген атақтар бүкіл әскери қызмет барысындағы ерен еңбектің нәтижесі екеніне тоқтала отырып: «Бұл – мемлекет тарапынан берілген жоғары баға. Генерал болу – зор мәртебе, сіздер оған лайықты болуға тиіссіздер.  Мықты денсаулық және қызметтеріңізге табыс тілеймін», – деді. Сонымен, шара барысында Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Р.Жақсылықов,  Қорғаныс министрінің орынбасары О.Сапаров генерал-лейтенант атағын алды. Генерал-майор шені Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бірінші орынбасары Б.Ашкаровқа, Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс департаментінің директоры Ж.Жұмашевқа, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы Н.Мұқановқа, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшының бірінші орынбасары – Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы М.Уашпаевқа, өңірлік қолбасшылық күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы күштерінің қолбасшысы басқармасының штаб бастығы М.Хусайыновқа берілді. Ал Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары С.Әбішке, Астана қаласы бойынша департаменттің бастығы К.Елубаевқа, Ақтөбе облысы бойынша департамент бастығы Н.Қыдырбаевқа ұсынылды. Қаржы полициясының генерал-майоры арнаулы атағын Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары А.Боданов алды. «Сырбар»  Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары Р.Омаров сыртқы барлау қызметінің генерал-майоры арнаулы атағын иеленді. Полиция генерал-майоры арнаулы атағы Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің бастығы М.Жаппаровқа, Алматы қаласы ішкі істер департаментінің бастығы С.Күдебаевқа, Қостанай облысы ішкі істер департаментінің бастығы Т.Маткеновке тапсырылды. 3-сыныпты  әділет мемлекеттік кеңесшісі сыныптық шені Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры С.Зайтлерге, Батыс Қазақстан облысының прокуроры С.Қарамановқа, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры И.Имановқа тапсырылды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: akorda.kz. Фото: akorda.kz.