• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Тамыз, 2022

ФБР Дональд Трамптың үйіне тінту жүргізді

222 рет
көрсетілді

Бұл жайлы экс-президент Дональд Трамптың өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Вreitbart.com сайтына сілтеме жасап.

«Бұл біздің ел үшін бұлыңғыр кезең, өйткені менің Палм-Бичтегі әдемі Мар-А-Лаго үйім қазір қоршауда, рейд жүргіземіз деген ФБР агенттері басып алған. Бұрынғы АҚШ президентерінің басынан мұндай сорақы оқиға өткен емес», деді Трамп дүйсенбідегі мәлімдемесінде. 

Ол мұны өзінің 2024 жылы президенттікке қайта оралуын қаламайтын радикалды солшыл демократтардың шабуылы деп есептейді. 

Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті АҚШ қазір бұрын-соңды болмаған деңгейде сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған мемлекетке айналды деген пікірін аңғартты.