• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 09 Тамыз, 2022

Министрлердің халықпен 227 кездесуі жоспарланған

200 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров биыл басшылардың халықпен 227 кездесуі жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Биыл барлығы 227 кездесу өткізу жоспарланған, оның 55-і - бірінші, 172-сі екінші жартыжылдықта өтеді. Жыл басынан маусым айына дейін 45 кездесу өтті. Министрлер негізінен Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарына барған. Сонымен қатар Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында кездесулер аз болған. Кездесулерді өткізудің мерзім тәртібін сақтамау фактілерінің болғанын атап өту керек», деді Асқар Омаров.

Министрдің айтуынша, тағы бір маңызды мәселе - кездесулер туралы ақпарат тарату қарқыны.

«Ақпараттық мониторинг кездесулердің республикалық және өңірлік телеарналар мен баспасөзде, әлеуметтік желілерде кең жарияланғанын көрсетті. Мемлекеттік органдар өткелі отырған кездесулер туралы анонстарды ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарда жариялады. Тағы бір маңызды мәселе – Жарлық талаптарын сақтау. Халықтан сұрақтарды алдын ала жинау, онлайн трансляция, БАҚ-қа арналған брифинг өткізу, азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен кездесу, проблемалық мәселелер бойынша іс-әрекет жоспарын дайындау. Талдау көрсеткендей, мемлекеттік органдар жалпы Жарлық талаптарын орындаған. Алайда мемлекеттік органдар кездесулердің әлеуметтік желілердегі онлайн-трансляцияларын және журналистерге арналған брифингілерді әрдайым өткізбейді. Кейбір кездесулердің қорытындылары бойынша проблемалық мәселелер тізбесі бар іс-әрекет жоспарлары жасалмаған немесе ашық түрде орналастырылмаған», деді ведомство басшысы.

Айта кетсек,  Үкімет басшысы кейбір өңірлерде басшылар халықпен кездесудің жаңа форматына бейімделмегенін сынаған еді.