АСТАНА. 6 мамыр. Қазақстан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева кеше «ҚазАгроИнновация» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын - Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлын таныстырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады.
Ә.Сатыбалдин 1959 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданының Ақкөл ауылында туған. Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы - экономист-ұйымдастырушы.
1983 жылы еңбек жолын Талас ауданы агроөнеркәсіптік бірлестігінің экономисі, Майтөбе кеңшарының бас экономисі болудан бастаған. Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институтында кіші және аға ғылыми қызметкер, Қазақ агроөнеркәсіптік кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, Қазақ Ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының бас ғылыми хатшысы, Шымкент ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры, Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімі бастығының бірінші орынбасары, Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының бас директоры, Аграрлық ғылымдар бойынша Ғылым академиясының вице-президенті, Ғылым министрлігі Ғылым академиясының вице-президенті, ТҚХК түрік тілді елдердің интеграциялық байланысын зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарған.
2007 жылы мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Жамбыл облысындағы аумақтық басқарма бастығы -Тәртіптік кеңестің төрағасы болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Бұған дейін Ә.Сатыбалдин ҚАИ АҚ басқарма төрағасы міндетін уақытша атқарушысының орынбасары болған.
Сәкен Майлыбай.
Дереккөз: ҚазАқпарат.