• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Тамыз, 2022

«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

183 рет
көрсетілді

Екібастұздағы «Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы жағдай шамамен кеше таңғы 11.35-те болған. 

«9 тамызда сағат 11:35-те «ЕЭК» АҚ «Восточный» разрезінде адам өліміне әкеліп соққан апат болды. 

Жөндеу жұмыстары кезінде барабанның айналма білігі босап кетіп, білік пен металл құрылымның турағыш бөлігі арасына электромеханик қысылып қалған», делінген хабарламада.

Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Циклдік ағынды жабын учаскесінің электромеханигі болып жұмыс істеген марқұм 42 жаста болған.

Облыстық еңбек басқармасы қайғылы жағдайға қатысты тергеу жүргізеді.