• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2014

Қымызқала

274 рет
көрсетілді

Қашанда нақты ісімен көш бас­тай білетін жетісулықтар дәстүрлі қымызханаларын биыл да республикамызда бірінші болып салтанатты түрде ашты. Мемлекеттік сая­сатқа сай саламатты өмір салтын насихаттаумен қатар, қазақы құн­дылықты күнделікті өмірге енгі­зіп, халықтың көкейіндегі көп дүниені дөп басқан осынау игі ша­раның өскелең ұрпаққа бере­рі мол. Ең бастысы, үлкеннің де, кі­шінің де денсаулығына шипа бо­лар сары қымыз бен аппақ әрі қою шұбат адам ағзасына керемет сіңімді. Сондықтан өңір халқы асы­ға күткен ұлттық сусынға ал­ғаш­­­­қы күннен сұраныс артып отыр. Бұл қуанарлық жайт. Сөйтіп, Тал­дықорғанда 16 аудан мен 3 қала­ның әрқайсысы өз ақшаңқан үй­лерін тігіп, қала сәнін кіргізе түсті. Сонымен, біз атбасын бұр­ған Іле аудандық шұбатхана ке­шенінің өзгелерден бірінші артық­шылығы – мұнда қымыз бен шұбат бірдей сатылады. Дәмі тіл үйіретін ұлттық тағамдар өз алдына. Салтанатты шараны ашуға арнайы келген Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов: « Іле ауданында бірқатар жақсы істер істелінуде. Соның бір тармағы өндірістік кластер жақсы дамығандықтан аудан облыстық бюджетке түсетін салықтың үштен бір бөлігін беріп отыр. Бұл жер индустриялық аймақ болғандықтан шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер өз мүмкіндіктеріне орай халықты жұмыспен қамтамасыз етуде. Іле ауданында ауыл шаруашылығы саласы да жақсы дамығандық­тан өз бағымындағы түйе шұба­тын өңірде сатып қана қоймай, Елбасы қойып отырған талапқа сай ұлттық ерекшелікті танытатын құмыраларға құйып экспорт­қа шығару қадамы Мәскеуге жіберуден басталды», деді. Бұл – уақыт талабы. Соны дер кезін­де жүзеге асырып отырған аудандағы «Дәулет-Бекет» ЖШС 2001 жылы заңды тұлға ретінде тіркелген. Басты бағыты – мал шаруашылығы, оның ішінде түйе өсіру саласы. Шаруашылық 2008 жылы «асыл тұқымды түйе ша­руашылығы» мәртебесін алды. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы са­нақта шаруашылықта 4412 бас түйе, оның ішінде інгені 1000 бас болды. Былтырғы жылы барлығы 795 тонна шұбат сатылса, оның іш­інде құмыраға құйылғаны 250 тон­наға жетті. Мұндағы өнді­­­ріл­­ген шұбат Алматы, Астана, Қа­­рағанды, Орал, Талдықорған қала­­ларындағы арнаулы орындар ар­­қылы сатылатындығы туралы мағ­­лұматты Іле ауданы әкімі­­нің ор­ын­басары Мәден Мұсаев мәлім ет­ті. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». ТАЛДЫҚОРҒАН.