Еріктілер онымен психологиялық әңгіме өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«VITA» еріктілерінің хабарлауынша, жедел іздестіру шарасы барысында хабарсыз кеткен 20 жастағы Сәния Смакова табылды.
– Онымен сөйлесіп, сапаржайға келуге көндірдік. Әрі қарай анасына тапсырылды. Тәртіп сақшылары іздеу салу бойынша хабарламаны тоқтатты, түсініктеме алынды, – дейді еріктілер.
Естеріңізге сала кетейік, Сәния Смакова екі айлық баласымен 8 тамыз күні сағат 15:00-де Павлодар ауылындағы Абай көшесінен белгісіз жаққа шығып кеткен.
Туыстарының айтуынша, ол Павлодар қаласында тұратын құрбысына барған болу керек.