• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2014

50 ардагерді құттықтады

313 рет
көрсетілді

Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы Ақмола облысында және өңір орталығы Көкшетау қаласында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін құттықтады. Компанияның атынан 50 ардагердің әрқайсысына 50 мың теңгеден ақшалай сыйлық табысталды. Материалдық көмектің жалпы көлемі 2,5 миллион теңгені құрады. «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғалиев ардагерлерді құттықтау барысында соғыстың тауқыметін тарт­қан, қиямет ауыртпалық көрген қариялардың жыл сайын азайып бара жатқанын, олардың көпшілігі  алыс ауылдарда тұра­тынын, лайықты көмек ала алмайтынын айта келіп, биыл компания басшылығы облыс және аудан орталығында тұратын арда­герлерді арнайы құттықтауды жөн көргенін жеткізді. Үстіміздегі жылы «ҚазТрансГаз» АҚ компаниясы атынан ақшалай сыйлықты 90 мен 97 жас аралығындағы қа­рия­лар алды. Мұндай шара жыл сайын өткізіліп отырады. Айта кетейік, «ҚазТрансГаз» АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласы­ның жұмысын жүйелеу үшін құрылған компания. Ол газ барлау, өндіру, тасымалдау және бөлуде активтерді корпоративті басқару бойынша әрекеттерді жүзеге асырады. 2012 жылдың шілдесінен бастап Үкіметтің шешімімен «ҚазТрансГаз» АҚ газ және газбен қамту саласында ұлттық оператор ретінде анықталды. Арайлым БЕКСЕЙІТОВА.