• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 11 Тамыз, 2022

Темір жол саласындағы жемқорлыққа қатысты талдау жүргізіледі

282 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың басталғаны туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Талдауды Агенттіктің, Ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.«Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайлары зерделенеді. Бұл ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, бұрын мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуына әсер етеді», делінген ANTIKOR хабарламасында.