• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Футбол 11 Тамыз, 2022

«Тобыл» мен «Қызыл-Жар» маңызды матч өткізеді

203 рет
көрсетілді

11 тамызда «Тобыл» мен «Қызыл-Жар» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы ойында екі командамыз да сырт алаңда 0:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Петропавлдық «Қызыл-Жар» елордада кипрлік АПОЭЛ-ды қабылдайды. Бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. 

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде сүрініп, Конференция лигасында бақ сынап жатқан «Тобыл» босниялық «Зриньскимен» кездеседі. Қостанайда өтетін ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады. Аталған екі кездесуді де QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.