• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 11 Тамыз, 2022

«Каспий» ӘКК тиімсіз жобаларды қаржыландырған

184 рет
көрсетілді

«Каспий» ӘКК тиімсіз жобаларды қаржыландырғаны анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Біз осымен екінші рет «Каспий» ӘКК қызметіне сыртқы талдау жұмыстарын жүргіздік. ӘКК тиімсіз жобаларды қаржыландырып келген. Мәселен, 2020 жылы ӘКК «Полимерлік қаптама шығару» жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылдаған. Талдау барысында жобаның құрылысын аяқтау мен іске қосудан бұрын, құзырлы органдар тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға рұқсат берілмегені анықталды. Аталған проблемаларға қарамастан, ӘКК «Полимерлік қаптама шығару» жобасы үшін 2 рет 6%-бен шикізат өндірісіне – 12 млн теңге және айналым қаражатын ұлғайту үшін - 13,9 млн теңге қаржы бөлген. Алайда, 2021 жылы аяқталуы тиіс зауыт осы күнге дейін пайдалануға берілмеген, шартта көзделген тауарлар көлемі шығарылмаған, табыс түспеген», деді Қуаныш Мырзағали.

Спикердің айтуына қарағанда, «Ақтау қаласының автобус паркін жаңарту» жобасы кезінде де тәуекелдер анықталған. ӘКК жобаны іске асыру үшін 18 автобусқа аванстық төлем жасау арқылы сатып алуды жоспарлаған. Кейін 40 млн теңгеге автобустар сатып алынып, тасымалдаушылар арасында бөлінбей, басқа ЖШС-ға негізсіз берген.

«Қоғамның бұрынғы басқарма төрағасы Қ.Берішбаев осы лауазымға тағайындалу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасымен көзделген өз активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, осы бұзушылыққа жол берген Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Ерпанова да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін 153 150 теңге айыппұл салынды», деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлік корпорация инвестициялық жобаларға арналған жер телімдерін коммерциялық мақсатта пайдалануға берген.