Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. «Зевакино арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің шатырына күрделі жөндеу жүргізу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды қызметкерлері 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың мамырына дейін орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 млн теңгеден астам қаражат ұрлағаны анықталды», делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.
Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.