«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 2019 жылы қала үшін әлеуметтік маңызы бар нысанның, жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Құрылыс жұмыстары аяқталды, білім басқармасы жабдықтарды қабылдап жатыр. Нысанды пайдалануға беру тамыз айының соңына дейін жоспарланған. Ғимарат үш қабатты, кіреберісінде келушілерді үш қабатты үлкен және әдемі холл қарсы алады. Нысан заманауи стильде салынған, төбелерінің биіктігі - 3,5 метр», дейді «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Нұрлан Садыров.
Құрылыс бөлімінің мәліметінше, Қосшыда республикалық бюджет есебінен 1200 орындық тағы екі мектеп салынуда. Олардың бірі Лесная поляна шағынауданында орналасқан, объектіде қаңқа және ішкі әрлеу орындалған. Екіншісі Абай көшесінде орналасқан, онда құрылыс жұмыстары басталып кеткен.