• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2014

Ұрпақтар үндесуі

307 рет
көрсетілді

Жастар арасында патриоттық және рухани құндылықтарды насихаттау, олардың шығармашылық мүмкіндігін ашу және азаматтық қоғамның дамуына қолдау көрсету мақсатында құрылған «Жас қуат» жастар қоғамдық бірлестігіне бір жыл жарымға жуық уақыт қана болды. Осы азғантай уақытта жастардың жаңа қоғамдық ұйымы көптеген тағылымды да қайырымды жұмыстарға ұйытқы болып келеді. Жақында «Ақтөбе облысының жастар сая­саты мәселелері басқармасы» ММ-нің жанынан құрылған «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» қолдауымен «Жас қуат» ЖҚБ Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай соғыс ардагерлері Мария Зинченко мен Екатерина Поповичтің үйлеріне арнайы барып ауласын тазартып, бау-бақшалық жер телімдерін аударып берді, үй шаруасына көмектесті. Сенбілікке қатысқан жастар осындай 20 Ұлы Отан соғысына қатысушы мен тыл ардагерлеріне қолғабыс жасайтын болады. Сенбіліктің мақсаты – ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтау, өскелең ұрпақты ардагерлерді құрметтеп, сыйлауға баулу, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ардагерлердің аулаларын тазартып, үй шаруа­сына көмектесу, жастар мен ардагерлердің арасындағы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, сондай-ақ, еліміздің жастарын бірлікке, татулыққа шақыру болып табылады. Сенбілікке «Ақтөбе облысының жас­тар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-нің жанынан құрылған «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» өкілдері, белсенді жастар, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. «Жас қуат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Артур Оспановтың мәлімдеуінше, мұндай қайырымдылық шаралары алда да жалғасын табатын болады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.