• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 12 Тамыз, 2022

«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті

146 рет
көрсетілді

Конференция лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта «Қызыл-Жар» кипрлік АПОЭЛ командасымен тең түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада өткен қарымта ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда кипрліктерді қақпа маңдайшасы құтқарып қалды.

Өкінішке қарай, тең есеп петропавлдықтарға жеткіліксіз болды. Себебі Никосияда өткен алғашқы ойында кипрліктер 1:0 есебімен жеңген болатын.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен АПОЭЛ Конференция лигасының плэй-офф кезеңіне жолдама алды.