Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаковтың бастамасымен Петропавл құрылыс-экономика колледжінде студенттердің бейбітшілік және келісім орталығы құрылды.
Оның ашылу салтанатына қатысқан облыстық ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Наиль Салимов мұндай үрдіс елімізде алғаш рет қолға алынып отырғанын, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатымен сараптама топтары жұмыс істейтінін жеткізді.
Акт залына жиналған оқытушылар мен студенттер ғарышкер Александр Викторенкомен өткізілген телекөпірді тамашалады. А.Башмаков солтүстікқазақстандықтар атынан жерлесімізге ыстық сәлем жолдады. 14 оқу озатына А.Викторенко атындағы стипендияларды табыс етті. Осымен екінші рет беріліп отырған атаулы дипломдарға бір топ ұстаздар мен әлеуметтік әріптес ұйымдар ие болды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.