• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Тамыз, 2022

Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты

177 рет
көрсетілді

Бүгін Мажарстанның Ұлттық жиналысы (Парламент) ғимаратында «Ғұн-Тұран»  құрылтайына қатысуға арнайы келген делегация мүшелерін қабылдау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламенттің жоғарғы палатасының сессияна Мажарстан Парламентінің вице-спикері Шандор Лежак, ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің Түркия  тарапындағы мүшесі Бинали Йылдырым, ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі,  Қырғызстан мәдениет, спорт және ақпарат министрі Азамат Жаманкулов,  «Мажар-Тұран» халықаралық қорының жетекшісі, құрылтай ұйымдастырушысы  Андраш Биро, сондай-ақ зиялы қауым және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

Келелі басқосуда сөз алған Академия басшысы Д. Қыдырәлі биыл жетінші рет өтіп жатқан Құрылтайдың маңыздылығын атап өтті.

«Бауырлас мажар халқы ғұндар дәуірінен бастап Ұлы дала әлемінің бөлінбейтін бөлігі ретінде өзінің даңқты өткенін бүгінгі күнге дейін өз ұлтының тарихи жадында сақтап келеді. Мұның айқын көрінісі ретінде Мажарстан түркология ғылымының Еуропадағы ең ірі орталығы ретінде белгілі. Дьердь Алмаши, Дьюла Немет сияқты көптеген мажар түркітанушы ғалымдарының есімдері біздің ортақ тарихымызда алтын әріптермен жазылған. Сонымен қатар, биыл Түркі академиясы  белгілі түрколог  Арминий Вамберидің туғанына 190 жыл толуын атап өтуде. Мажар түркологтарының ғылыми еңбектері біздің ортақ мәдени мұрамызға және тілімізде көрініс тапқан мыңжылдық байланысымызды көруге мүмкіндік берді», деді Д. Қыдырәлі.

Жиын аясында Академия басшысы Мажарстан Парламентінің вице-спикері Шандор Лежак және «Мажар-Тұран» халықаралық қорының жетекшісі ұйымдастырушысы  Андраш Биро кездесіп, ғылыми ынтымақтасты нығайту жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, кездесуде Д. Қыдырәлі құрылтай делегациясын арнайы қабылдаған мажар әріптестеріне ризашылығын білдіріп, ілтипат көрсетіп, Академияның басып шығарған кітаптарын тарту етті.

Қабылдаудан кейін делегаттар Бугац қаласында өтетін Құрылтайға қатысу үшін жолға шықты.