Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл – шын мәнінде жалпыхалықтық мереке. Ол патриоттық дәстүрлеріміздің жалғастығын, бірлігімізді, борышқа адалдығымызды, асқақ намысымыз бен айбынды әскерімізді паш етеді.
Біз аталарымыз бен әкелеріміздің қайсар ерліктерін есте сақтай отырып, еліміздің қауіпсіздігі мен қорғанысының қалқаны – батыр ұландарымызды мақтан тұтамыз. Біз әрбіріміз әскери шепте немесе бейбіт қызметте болсақ та, ең алдымен, өз жеріміздің, отбасымыздың, Отанымыз – Қазақстан Республикасының қорғаушысымыз.
Отанға қызмет – ежелден құрметке ие абыройлы іс, ал әскери қызмет әрқашан өзін шын патриот деп санайтын біздің еліміздің әрбір азаматының қасиетті борышы.
Бүгін біз Отанын қорғау жолында қалтқысыз қызмет атқарып жүрген барша азаматтарымызды құттықтаймыз.
Қадірлі азаматтар!
Құрметті ардагерлер, жауынгерлер, офицерлер және барша Отан қорғаушы – абыройлы мамандықтың иелері сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, ырыс пен ынтымақ, ерлік пен рухани күш-қуат тілейміз!
Отанымызды қорғау жолындағы қызметтеріңіз жемісті және абыройлы болсын!
Әрқашан аспанымыз ашық, жеріміз тыныш, еліміз аман болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы