• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Тамыз, 2022

Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

181 рет
көрсетілді

Атырау облысында жол апатынан көлік жолаушысы мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 13 тамыз күні болған.

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 13:30 шамасында​ Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 157-шақырымында «Лада Гранта» көлігі аударылды. Көліктің аударылуына 1992 жылғы жүргізушінің көліктің руліне ие бола алмай қалуы себеп болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан көліктің алдынғы орындығындағы​ 31 жастағы жолаушы қаза тапты», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.