14 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бейсенбіде атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.