• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2014

АҚШ-тың Мэриленд штатының тұрғыны лотереядан $76 млн. ұтты

370 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 мамыр. АҚШ-та джекпоты 414 млн. доллар болатын жалпы ұлттық Mega Millions лотереясының екінші жеңімпазы анықталды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Mega Millions өкілі мәлім еткендей, 18 наурызда ойналған ойын тарихындағы үшінші ірі ұтысты Мэриленд штатында тұратын адам ұтып алған. Бірақ ол өзі жөнінде нақты мәлімет беруден бас тартып, аты-жөнін де, жасын да, жұмыс істейтін жерін де айтуды жөн көрмепті. Тек белгілісі, бақытты билеттің егесі оны Ла-Плата қаласындағы спиртті ішімдіктір магазинінен сатып алған. Осыған орай аталмыш сауда нүктесінің иесіне 100 мың доллар көлемінде комиссиялық өтем беретін болыпты. Ұтыс иесі ақшасын тұтасымен алуға шешім қабылдапты. Лотерея шарты бойынша ол салықтарын түгел төлеп болғаннан кейін қолына тура 76,4 млн. доллар қаржы алған. Егер ұтушы ақшасын 30 жылдың көлемінде бөліп алса, төлейтін салығы әлдеқайда көп болады екен. Мэрилендтегі ұтыс иесіне ойналған джекпоттың тек жартысы ғана тиіп отыр. Оның бірінші бөлігін бақытты билетті супермаркетте сатып алған Флорида штатында тұратын жұбайлар алған болатын. Американың лотерея бизнесі тарихында рекордты мөлшердегі джекпот – 656 млн. доллар 2012 жылғы наурызда ойналыпты. Оған үш адам қол жеткізіп, жүлдені қылдай бөлісіп алған. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: ИТАР-ТАСС. Фото: EPA/LARRY W. SMITH.