• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Тамыз, 2022

Жалған дипломмен лауазымды қызметке орналасқандар анықталды

365 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында лауазымды қызметке жалған құжат арқылы орналасқан тұлғалардың заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың басшысы лауазымына және қызметкерлерін тағайындау тәртібінің заңдылығын тексеру барысында жоғары білім туралы жалған диплом ұсынудың 3 фактісі анықталды.

«Атап айтқанда, «Су каналы» мемлекеттік кәсіпорынның басшысы және Риддер қалалық мәдениет үйінің бас есепшісі лауазымдарына, Риддер қаласының ішкі саясат бөліміне статист қызметіне жұмысқа қабылдауда жалған құжаттар ұсынылған. Білім беру ұйымдары осы дипломдардың аталған азаматтарға берілмегенін растады», делінген ақпаратта.

Аталған фактілер прокуратурада тіркеліп, тиісті материалдар Риддер қаласының полиция бөліміне жолданды.

Қазір ҚР ҚК-нің 385 бабы 3 бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.