• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Тамыз, 2022

Қызылорда облысында жолаушыдан 154 келі балық тәркіленді

267 рет
көрсетілді

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында облыс көлемінде «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында Қызылорда қаласы ПБ Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері 11 тамыз күні сағат 5:30 шамасында Сырдария өзенінің сол жағалауында Арал – Қызылорда бағытында қатынайтын Setra жолаушылар автобусын тоқтатты.

Тексеру барысында жолаушыдан қапшыққа салынған заңсыз ауланған 154 келі балық табылды. Ол ешбір құжатсыз ауланған заңсыз балықты сату мақсатында Қызылорда қаласына жеткізбекші болған. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жолаушы полиция бөліміне жеткізіліп, одан ІІО келу туралы міндеттеме алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.