Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«13 тамыз күні Ақмола облысының Аршалы полиция бөлімшесіне кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі туралы арыз келіп түсті», делінген хабарламада.
Сол күні полицейлер күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ер адамның жеке басы анықталды.
«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», делінген полиция мәліметінде.