• RUB:
    5.05
  • USD:
    494.95
  • EUR:
    525.49
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Тамыз, 2022

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

239 рет
көрсетілді

Қазгидромет 17 тамызға бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің жылдамдығы облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысында алдағы 6 сағатта 16 тамызда, тәулік бойы 17 тамызда Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 18-23, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында 17 тамызда күннің екінші жартысында найзағай жарқылдайды.

Ақтөбе облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.