• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Тағайындау 17 Тамыз, 2022

Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды

277 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастаған.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2014-2019 жылдары — Назарбаев Университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері.

2019-2021 жж. Сүлеймен Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарды.

2021 жылдың маусымынан бастап білім және ғылым вице-министрі болды.