Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанайда мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қаражат шаруа қожалықтарына субсидия ретінде күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар алуға бөлінді. Сот үш айыпталушыны құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Үкім заңды күшіне енді. Нәтижесінде іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада.