• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Тамыз, 2022

Қазақстан елшісіне Жапония Императорының «Күншығыс» ордені табысталды

482 рет
көрсетілді

Жапонияның Нұр-Сұлтандағы елшісі Джун Ямада Ұлы Мәртебелі Жапония Императоры Нарухитоның шешімімен Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты тереңдетуге және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін ең жоғары мемлекеттік наградалардың бірі - «Күншығыс» орденін Қазақстанның Грекиядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевқа табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов, Грекияның Нұр-Сұлтандағы елшісі Эфталия Какиопулу, сондай-ақ екі елдің іскерлік және дипломатиялық топтардың өкілдері қатысты.

«Күншығыс ордені» - Жапонияның марапаттау жүйесіне енгізілген алғашқы марапат. Орден алғаш рет 1875 жылы табысталған болатын. Жапондық мемлекеттік айрықшалау жүйесіне сәйкес, «Күншығыс ордені, Алтын және Күміс Жұлдыз» II дәрежелі орден саналады.

Е. Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметін 2016-2021 жж. атқарған, 2017-2021 жж. аралығында Жапонияның Токай университетінде шақырылған профессор болған. Жапон және ағылшын тілдерін меңгерген. Қазақстан СІМ жүйесінде 30 жыл бойы қызмет атқарып келеді.