Ақтауда жас жігіт көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатынан құлап, көз жұмды деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 18 тамызда түскі уақытта болған.
«102 кезекші пультіне 12-шағынаудан 37-үйдің 11-қабатынан ер адамның құлағаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция жасақтары, сондай-ақ жедел тергеу тобы барды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр», деді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінен.