• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
22 Мамыр, 2010

БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

620 рет
көрсетілді

Мәжілісте Үкіметтің және Есеп комитетінің 2009 жылғы рес­публикалық бюджеттің ат­қа­рылуы туралы есептерінің та­ныстырылымы өтті. Бұл шараға Мәжіліс депутаттары, Ұлттық банк, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар өкілдері қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова сөз сөйлеп, жаңа Бюджет қодексіне сәйкес 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық республикалық бюд­жеттің бірінші жылының орын­далу нәтижесінің біздің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті. Қаржы министрі Болат Жәмі­шев баяндама жасады. Ол 2009 жыл­ғы республикалық бюджет бі­рін­ші кезекте Қазақстан Прези­ден­тінің “Қазақстан азаматтары­ның әл-ауқатының жақсаруы – мем­ле­кет­тік саясаттың басты мақ­са­ты” және “Дағдарыс арқылы жа­ңару мен дамуға” атты Қазақстан хал­қы­на Жолдауларында берілген тап­­сырмаларды орындау мақса­тында және онда көрініс тапқан әлеу­мет­тік-экономикалық даму­дың қағи­дат­тары мен басымдық­тарына сәй­кес іске асырылғанын айтты. Сон­дай-ақ, білім беру, денсаулық сақ­тау және әлеуметтік қамтуға ар­налған республикалық бюджет шы­ғындарының тұрақты­лығын сақтап қалу мақсатындағы қадамдар оң үрдістерге ие бол­ғанын және бө­лін­ген қаржылар соңғы бес жылда 2,5 есеге көбей­генін баяндады. Бұл өт­кен қаржы жылының, оның ішінде мемлекет­тің әлеуметтік саладағы мін­деттеріне қатысты респуб­ли­калық бюджеттің орындалуынан көрініс тауып отыр. 2009 жылғы республикалық бюд­жетті орындау барысында бюд­жетке 2 800,3 млрд. теңге кіріс түсті немесе бұл жоспардың 100,1 пайызы, ал бюджеттің шығысы 3 311,3 млрд. теңгені немесе 98,2 пайызды құрады. Осы басқосуда Республикалық бюд­жеттің атқарылуын бақылау жө­­ніндегі есеп комитетінің төр­аға­сы Омархан Өксікбаев өзі бас­қа­ратын ведомствоның 2009 жылғы қызметі дағдарысқа қарсы шара­лар­дың, бағдарламалық құжат­тардың іске асырылуына, салық және кедендік әкімшілен­дірудің, субъектілердің квази­мемлекеттік секторының мемле­кеттік қаржы ресурстары мен активтерін пайда­ла­нуының тиім­ділігін бақылауға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, Экономика­лық даму және сауда вице-министрі Қуандық Би­шімбаев 2009 жылғы макро­экономикалық көрсеткіштердің атқарылуы мен 2009 жылғы эко­номикалық дамудың негізгі қорытындылары туралы, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары Мұрат Байсынов 2009 жылы Қазақ­станның қаржы жүйесін тұрақтан­дыруға Ұлттық қордан тартылған қаржының жұм­салуы туралы хабарлама жасады. Ол Ұлттық қордан Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жө­ніндегі бірлескен іс-қимыл жос­парын іске асыруға арналған қаржының жұмсалуын бақы­лайтын жұмыс тобы қызметінің нәтиже­лерімен таныстырды. Ұсынылған есептерді талқы­лау­ға Парламент Мәжілісінің депутат­тары белсене қатысып, 2009 жылғы республикалық бюджеттің орын­да­луына қатысты бірқатар өзекті мә­селе көтерді.