• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Тамыз, 2022

БҚО-да құс фабрикасы өртеніп кетті

261 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында құс фабрикасы жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 20 тамыз күні Бәйтерек ауданы Щапов ауылында болды.

«Сағат 12:20-да ауыл маңында орналасқан құс фабрикасының цехы жанып жатқаны жөнінде хабар түсті. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 21 адам (5 техника) жұмылдырылды. Өрт сағат 14:13-те толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан жалпы аумағы шамамен 1 875 шаршы метр құсқа арналып салынған цех түгелдей жанып кетті. Адамдар аман. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде», делінген ведомство хабарламасында.