• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Тамыз, 2022

Еліміздің шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді

214 рет
көрсетілді

Синоптиктер 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауқымды солтүстік-батыс антициклонмен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында фронталды аймақ әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста тұман, түнде шығыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік сақталады. Күндіз оңтүстік – батыста шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.