• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 24 Тамыз, 2022

Үкімет өңірлерге жанармай жеткізу бойынша шара қабылдауды тапсырды

210 рет
көрсетілді

Ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен өткен жиында Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы жағдай туралы баяндады.

Комиссия «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ға өңірлерге ЖЖМ басымдықпен жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктеріне, Қаржылық мониторинг агенттігіне ЖЖМ-ға шекті рұқсат етілген бағадан асып кету фактілеріне және бәсекеге қабілетсіз іс-әрекеттерге жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдау жүктелді.