Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан елінің басшысына Сунгаит қаласындағы көшелердің біріне қазақ халқының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілгені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Біз елдеріміз арасында мәдениет қайраткерлері мен делегацияларды тұрақты алмасуға келістік. Сунгаит қаласындағы көшелердің біріне қазақ халқының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілгеніне алғыс айтамыз.
Ахмет Байтұрсынов 1926 жылы осы – Баку каласында өткен бірінші Бүкiлодақтық түркологтар сезiне делегат ретінде қатысқан. Бұл факт бiздiң елiмiз бен халықтарымыз арасында қашан да тығыз байланыс болғанын тағы бiр рет дәлелдейді деп ойлаймын. Кезінде елордамыздың бір көшесіне көрнекті мемлекет қайраткері, Әзербайжан халқының біртуар перзенті Гейдар Әлиевтің есімі берілген», деді Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер қорытындысы бойынша өткен брифингте.