• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Тамыз, 2022

Теңіз кен орнында жұмысшы көз жұмды

400 рет
көрсетілді

Теңіз кен орнында жұмысшы пневматикалық сынақ кезінде көз жұмды. Қайғылы оқиға 24 тамыз күні Өркен вахталық лагерінің аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz baigenews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

ТШО-ның қосалқы мердігері «Infra Del Project» ЖШС (КТР мердігері) пневматикалық ағып кетуді тексеру барысында шланг істен шығып, жұмысшыны қағып кеткен. Салдарынан жұмысшы қаза тапты.

Қазір кен орнында барлық жұмыс тоқтатылып, компания қызметкерлері лагерьге жіберілген. Аталған жайтқа байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.